Фото: Ақорда
Мемлекет басшысы Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевті қабылдады.
Алмасадам Сәтқалиев еліміздің отын-энергетика кешенінің биылғы бірінші жартыжылдықтағы дамуы жөнінде есеп берді.
Осы уақыт аралығында 44,7 миллион тонна мұнай өндірілген. Мұнай өнімдерінің өндірісі 6,78 миллион тоннаны құраған.
Сондай-ақ 30,1 миллиард текше метр газ өндіріліп, электр қуатын өндіру көлемі 60,4 млрд кВт/сағатқа жеткен.
Министр ведомствоның тұтынушыларды электр қуатымен және жылумен тұрақты қамтамасыз етуге бағытталған ірі инвестициялық жобаларды іске асыру жоспары жөнінде мәлімет берді және жаңартылатын энергия көздерін дамыту шаралары туралы баяндады.
Кездесу соңында Мемлекет басшысы жылыту маусымына дайындық бойынша тиісті жұмыс жүргізуді және ішкі нарықты мұнай өнімдерімен қамтамасыз етуді тапсырды.