19 шіл, 2021 сағат 15:57

Президент: Адам өмірін сақтаудың бір ғана жолы - жаппай вакцинация


Қазақстанда 2,8 миллион адам вакциналаудың толық курсын алды. Бұл туралы Мемлекет басшысы еліміздегі коронавирус індетіне байланысты эпидемиологиялық ахуал жөнінде кеңесте айтты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

«Біздің ең өзекті мақсатымыз – вирустың таралуын тоқтату емес. Әлемдік тәжірибе мұның мүмкін емес екенін көрсетіп отыр. Ең бастысы – аса ауыр науқастардың көбеюін болдырмау, адам өмірін сақтау. Сондықтан, оның бір ғана жолы бар. Бұл – жаппай вакцинация, екпе салу», - дейді Қасым-Жомарт Тоқаев. 

Мемлекет басшысының айтуынша, бүгінде иммундау курсын 2,8 миллион адам аяқтады. Алайда жақсы қарқынға қарамастан, өңірлер бөлінісінде жағдай біркелкі емес.