Фото: Ақорда
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әл-Фараби атындағы ғылым мен техника және А.Байтұрсынұлы атындағы гуманитарлық ғылымдар саласындағы 2025 жылғы Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыйлықтарын беру туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ult.kz.
🔹 Әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлық иегерлері:
1️⃣ «Қазақстан Республикасының гидрогеологиялық карталар атласы» жобасы үшін:
-
Мәліс Құдысұлы Әбсәметов – геология-минералогия ғылымдарының докторы, профессор, «У.М. Ахмедсафин атындағы Гидрогеология және геоэкология институты» ЖШС директоры;
-
Рахматулла Аязбаев – «АлматыГидроГеология» ЖШС бас директоры;
-
Ержан Итеменұлы Көлдеев – техника ғылымдарының кандидаты, профессор, Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің ғылым және корпоративтік даму жөніндегі проректоры;
-
Ермек Жәмшитұлы Мұртазин – геология-минералогия ғылымдарының кандидаты, «У.М. Ахмедсафин атындағы Гидрогеология және геоэкология институты» ЖШС директорының ғылым жөніндегі орынбасары;
-
Владимир Александрович Смоляр – геология-минералогия ғылымдарының кандидаты, өңірлік гидрогеология және геоэкология зертханасының бас ғылыми қызметкері.
2️⃣ «Кондициялық емес түсті металлургия шикізатынан жоғары сапалы селен алудың экологиялық қауіпсіз вакуум-термиялық технологиясын әзірлеу және оны өнеркәсіптік өндіріске енгізу» жобасы үшін:
-
Бақдәулет Кенжәлiұлы Кенжәлиев – техника ғылымдарының докторы, профессор, «Металлургия және кен байыту институты» АҚ бас директоры;
-
Валерий Николаевич Володин – техника және физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, аталған институттың бас ғылыми қызметкері;
-
Ержан Арыстанбекұлы Оспанов – техника ғылымдарының докторы, «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС кешенді технологияларды дамыту және инвестицияларды жоспарлау департаментінің директоры;
-
Сергей Анатольевич Требухов – техника ғылымдарының кандидаты, профессор, «Металлургия және кен байыту институты» АҚ бас директорының орынбасары;
-
Александр Александрович Шахалов – «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС техногендік шикізатты кешенді қайта өңдеу басқармасының бастығы.
🔹 А.Байтұрсынұлы атындағы гуманитарлық ғылымдар саласындағы мемлекеттік сыйлық иегерлері:
1️⃣ «Қазақстан археологиясы. Деректер мен зерттеулер» сериялы басылымы үшін:
-
Зайнолла Самашев – тарих ғылымдарының докторы, профессор, «Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының» бас ғылыми қызметкері.
2️⃣ «Қазақстанның үзіліссіз мемлекеттілігі тарих толқынында. XV–XIX ғасырлардағы еуропалық және америкалық карталарындағы Қазақ Мемлекеті» атты зерттеу еңбегі үшін:
-
Мұхит-Ардагер Қаржаубайұлы Сыдықназаров – филология ғылымдарының кандидаты, философия докторы (PhD), профессор, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Заманауи зерттеулер ғылыми-зерттеу институтының директоры.
Бұл марапаттар — Қазақстан ғылымы мен гуманитарлық саласының үздік өкілдерінің еңбегін мойындау және елдің зияткерлік әлеуетін арттыру жолындағы маңызды қадам.
