08 қаң, 2022 сағат 15:08

Президент 10 қаңтарды жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады

© Sputnik / Абзал Калиев

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жалпыұлттық аза тұту күнін жариялады, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Еліміздің бірнеше аймағында болған қайғылы оқиға салдарынан қаза тапқандар саны көп болуына байланысты Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылдың 10 қаңтарын жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялауға шешім қабылдады. 

Қаулы Ақорда сайтында жарияланады.