03 нау, 2026 сағат 12:01

Қазақстан халқының саны 20,5 миллион адамнан асты

Фото: Ақорда

1 ақпандағы жағдай бойынша еліміздегі халық саны 20 518 005 адамға жетті. Қалалық жерлерде 13 106 358 адам, ауылдық жерлерде 7 411 647 адам тұрады, деп хабарлайды Ult.kz Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.

Жыл басынан бері халық саны 18,1 мың адамға өскен. Оның 15,8 мыңы табиғи өсім, 2,3 мыңы – көші-қонның оң сальдосы есебінен.

Естеріңізге сала кетейік, халық саны 20 миллионға 2023 жылдың қарашасында жеткен.