Фото ашық дереккөзден алынды
Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Премьер-министр лауазымына кандидатура қашан ұсынылатынын айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Премьер-министр лауазымына кандидатты жақын күндері, мүмкін ертең немесе арғы күні ұсынамыз. Қазір біз жалпы процедураны пысықтап жатырмыз. Президентпен кездесуде ұсынып, жалпы отырыста келісім береміз. «AMANAT» көпшіліктің дауысын жинаған партия ретінде жауапкершілікті өз мойнына алады. Оны Президент те айтты», - деді Қошанов.
Айта кетейік, бүгін, 29 наурызда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қаулысымен Үкіметтің өкілеттігі тоқтатылды. Министрлер кабинеті Үкіметтің жаңа құрамы бекітілгенге дейін өз міндеттерін атқара береді.
Конституцияның 70-бабы 1-тармағы мен "Қазақстан Үкіметі туралы" конституциялық заңының 4-бабы бойынша жаңадан сайланған Парламент Мәжілісінің алдында Үкіметтің өкілеттігі аяқталады.