22 ақп, 2023 сағат 13:37

Премьер-министр Қазақстандағы газдандыру деңгейін сынға алды

Фото: Александр Рюмин / ТАСС

Премьер-министр Әлихан Смайылов Қазақстандағы газдандыру деңгейін сынға алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты.

"Ауылдық елді мекендерден басқа, қалаларда да халықты газбен қамтамасыз етуде проблемалар бар. Нәтижесін өздеріңіз көріп отырсыздар, Астана әлі де "көк түтінге көміліп", ауаның ластану деңгейі бойынша әлемдік рейтингтерде көш бастап тұр. Алматыда 2-ші ЖЭО-да жаңа бу-газ қондырғысын салу мерзімі кейінге шегерілуде. Өңір әкімдері мен "QazaqGaz" компаниясына осы мәселелерді ерекше бақылауға алу керек", - деді Әлихан Смайылов.

Премьер-министр еліміздің солтүстік және шығыс өңірлерін газдандыру мәселесіне нүкте қоятын уақыт жеткенін айтты. Сондықтан, Энергетика министрлігі "Самұрық-Қазына" қорымен бірлесіп, 1 мамырға дейін түпкілікті шешім дайындауы қажет.