15 қыр, 2020 сағат 08:45

Праймериз: СҚО-да 600-ден астам адам дебатқа қатысып жатыр

Солтүстік Қазақстан облысында праймериздің екінші кезеңінде 600-ден астам қатысушы жарыссөзге қатысып жатыр, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Nur Otan» СҚО филиалы баспасөз қызметінің мәліметінше, үміткерлер пікірсайыс барысында өзекті мәселелерді талқылады. Соның ішінде билік пен халық арасында кері байланыс орнату, жолдарды жөндеу, азаматтардың азық-түлік себетін жақсарту, бизнесті, денсаулық сақтау, білім беру салаларын дамыту бар. 

Алғашқы жарыссөз 14 қыркүйекте облыс орталығында өтті. Пікірсайыстың бастапқы күнінде тікелей эфирді 1 мыңға жуық адам көрді. 

Ең көп пікірталасты «Nur Otan» партиясы Петропавл қалалық филиалының қатысушылары өткізеді. 114 кандидат 20 топқа бөлініп, жарыссөзге қатысады. 

Пікірсайыс екі раундта өтеді: бірінші раундта үміткерлер өздерінің сайлау алдындағы бағдарламаларымен таныстырады, ал екінші раундта «сұрақ-жауап» сессиясына қатысады.

Айта кетейік, кейбір үміткерлер бірқатар себеп бойынша өз кандидатураларын алып тастады. Бірі – жеке басының проблемасына байланысты праймеризге қатыса алмайтын болса, енді бірі – басқа аймаққа қоныс аударған.

«Қатысушылардың әрқайсысының өз сайлауалды бағдарламасы дайын. Үгіт-насихат жұмыстарының барысы туралы олар ұйымдастыру комитетін хабардар етеді, материалдарды www.primaries.kz сайтта немесе арнайы мобильді қосымшада орналастырады. Онымен еліміздің кез келген партия мүшесі таныса алады. Егер біреу пікірталасқа қатысқысы келмесе, ұйымдастыру комитеті оны жарыстан шығарады», - дейді партияның қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Кеңес Мұқышев.

Пікірсайыс онлайн дауыс беру басталардан бір күн бұрын – 30 қыркүйекте аяқталады.