18 там, 2020 сағат 08:51

Праймериз - нағыз әлеуметтік лифт

Бүгін еліміздің барлық аймағында праймериз басталуына орай, қазір «Nur Otan» партиясының төрағасы Н.Назарбаев жариялаған үндеуде «Nur Otan» партияcы өзінің тарихи жауапкершілігін сезіне отырып, «Сенім. Диалог. Болашаққа нық қадам» бағдарламасын қабылдады. Билеуші партияны қайта қарау нәтижесінде бүкіл елде кең көлемді праймериз өткізілуде. Бұл - партияішілік сайлау. Бұл - нағыз әлеуметтік лифт. Конкурстық іріктеу, жаңа идеялар мен жобаларды іздеу. Бұл идеяны көптеген танымал саясаттанушылар мен азаматтық белсенділер қолдады» деп барлық партия жақтастарын еліміз үшін маңызды саяси шараға белсенді қатысуға шақырды.

Сондай ақ, бүгін Елбасы Бауыржан Байбекті қабылдап, «партияішілік іріктеу - праймериздердің сапалы өткізілуін қамтамасыз ету, сондай-ақ халықты оның мақсаттарымен хабардар ету өте маңызды. Бұл бізге Мәжіліс пен мәслихат сайлауына қатысу үшін партияның белсенді, сауатты және патриот мүшелерін анықтауға мүмкіндік береді» деп атап өтті.

Праймериз - бұл жаңа лидерлерді анықтауға арналған партияішілік сайлау. Жеңімпаздар барлық деңгейдегі Мәжіліс пен мәслихаттар сайлауында «Nur Otan» тізіміне қосыла алады. Кандидаттар праймеризге бастауыш партия ұйымының атынан немесе өзін-өзі ұсыну жолымен де қатысуы мүмкін. Бұл ретте партияның құндылықтарын ұстанатын және сайлау құқығы бар кез келген азамат үміткер бола алады. Ол үшін праймеризге қатысушыларды тіркеу мерзімі аяқталғанға дейін «Nur Otan»-ның қатарына қосылу керек. Праймериз - ішкі партиялық демократияның заманауи тетіктерінің бірі, ол Елбасының жариялаған ««Nur Otan» партиясының ең маңызды элементі болып табылады. Праймериздің негізгі мақсаты - алдағы Мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихаттар сайлауына партиялық тізімдерге енгізу үшін қоғамның сенімі мен қолдауына ие болған беделді партия көшбасшыларын анықтау.

Бүгін Партияішілік іріктеу – "Nur Otan"-ның праймеризіне қатысушыларды тіркеу басталды. Алғашқы бірнеше сағат ішінде 500-ге жуық адам праймеризге қатысуға ниет білдірді 157 өтініш жолдаған Қостанай облысындағы партиялықтар белсенділік танытты. Ақмола облысындағы партия мүшелерінен 110 өтініш келіп түсті. Бастауыш партия ұйымдары 129 адамды ұсынса, 342 адам (72,6%) - өзін-өзі ұсынған кандидаттар.

Праймеризге қатысу үшін өтінішті primaries.kz сайтында «Праймериз» ақпараттық жүйесі арқылы онлайн жолдауға немесе аумақтық ұйымдастыру комитеттеріне жеке өтініш беруге болады. Кандидаттарды ұсыну және тіркеу 28 тамызға (қоса есептегенде) дейін жалғасады.

Сонымен, кандидаттарды ұсыну және тіркеу 17 тамыздан басталып, 28 тамызға (қоса есептегенде) дейін жалғасады. Үміткерлерге үгіт-насихат жұмыстарына дайындалу үшін 7 күн беріледі - 31 тамыздан 6 қыркүйекке дейін.

7 қыркүйектен 3 қазанға дейін аралықта кандидаттардың үгіт-насихат жұмыстарын, оның ішінде 14-30 қыркүйек аралығында жария пікірсайыстар өтеді. Пікірсайыстар «Праймериз» арнайы ақпараттық жүйесі арқылы өтіп, партияның ресми аккаунттарында таратылады.

 

Осыған байланысты партия Төрағасының тапсырмасы бойынша онлайн-форматта дауыс беру үшін платформа әзірленді. «Праймериз» жүйесі тұрғындармен кері байланысты барынша күшейтуді, жалпы жұртшылықтың пікірлерін ескере отырып, түрлі бастамалар мен заң жобаларын онлайн-талқылау мүмкіндігін көздейді.

1 қазан (00-00) мен 3 қазан (14.00) аралығында мобильді қосымша және арнайы веб-портал арқылы электронды дауыс беруді өткізу жоспарланып отыр. Дауыс берудің соңғы күні (3 қазан) бастауыш партия ұйымдарының базасында сайлау учаскелері ашылады. Интернет жоқ елді мекендерде осындай сайлау учаскелеріне келіп, қағаз бюллетеньдер арқылы дауыс беруге болады. Үміткерлердің рейтингі көрсетілген праймериз нәтижелері 5 қазанда жарияланады.

Айта кетейік, бұған дейін «Nur Otan» партиясы праймериз өткізу, сондай-ақ, кандидаттарға ұйымдастырушылық және құқықтық қолдау көрсету мәселелері бойынша 8 (800) 080 4441 арнайы желіні іске қосқан болатын. Соңғы 2 айдың өзінде аталған желіге 15 мыңға жуық қоңырау түскен. Олардың ішінде өтініш білдіргендердің жартысынан көбі 30 бен 44 жас аралығындағы адамдар.

Сондықтан, барлық азаматтарды Праймеризге бей-жай қарамай белсенді қатысуға шақырамын! Жақын арада Праймериз арқылы елімізде жаңа көшбасшылар анықталады! Мүмкіндікті қалт жіберіп алмайық.

Меруерт Тулебаева, саясаттанушы