01 қаз, 2020 сағат 13:05

Праймериз: Алматыда төрт мыңнан астам партия мүшесі дауыс берді

Түске дейін «Nur Otan» партиясы Алматы қалалық филиалының 4 мыңнан астам мүшесі дауыс берді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Nur Otan партиясының баспасөз қызметінің мәліметінше, Алматының 8 ауданында нұротандықтардың дауыс беруі белсенді өтіп жатыр, олардың басым бөлігі Бостандық ауданында тұрады, ал праймеризге қатысушылардың көбі – 45 кандидат Медеу ауданында тіркелген. 

«Жалпы, Алматыда партияның 58 721 мүшесі бар, оның ішінде ақпараттық жүйеде 52 929 адам авторизацияланды. Бұл жалпы санының 90%-ын құрайды. Электронды дауыс беру 3 қазанға дейін жалғасады. Сіз primaries.kz сайтында, мобильді қосымша және дауыс беру учаскелеріндегі онлайн-кабинеттер арқылы таңдаған кандидатқа дауыс бере аласыз. Дауыс берудің соңғы күні бастауыш партия ұйымдарының базасында сайлау учаскелері ашылады. Алматыда олардың саны 37», – деп хабарлады «Nur Otan» партиясы Алматы қалалық филиалының баспасөз қызметі. 

Учаскелердің орналасқан жері туралы ақпаратты «Nur Otan» партиясы Алматы қалалық филиалының ресми аккаунтынан білуге болады.