11 қыр, 2019 сағат 19:08

Прагада жұмыс істейтін қазақстандық көз жұмды

Чехия астанасы Прага қаласында Қазақстан азаматы қайтыс болды. Бұл туралы "Ұлт ақпарат" ҚР Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Қазақстандық дипломаттардың чехиялық Wunderman компаниясымен жүргізген келіссөздерінің нәтижесінде Алпысбаев жұмыс істеген компания мүрдені Қазақстанға жеткізумен байланысты барлық шығындарды өтейтін болды»,- делінген министрлік баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Ведомство мәліметінше, қазіргі уақытта Қазақстан азаматының мүрдесін Прагадан Алматыға жеткізу үшін әуе компанияларымен келіссөз жүргізіліп жатыр.