15 қыр, 2019 сағат 19:50

Президент Алматы облысындағы апатқа байланысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев Ақсеңгір-Шамалған теміржол өткелінде поезд бен автобус соқтығысынан жапа шеккендердің туған-туыстарына көңіл айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Президентінің Twitter-дегі парақшасына сілтеме жасап.

«Алматы обл. Ақсеңгір-Шамалған теміржол өткелінде поезд автобусқа соқтығысты. Автобуста 67 адам болған. Бір адам көз жұмды, жарақат алғандар бар. Туған-туыстарына көңіл айтамын. Тергеу жұмысы басталды» делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, бұған дейін Алматы облысында жолаушылар пойызы мен автобус соқтығысқанын хабарлаған болатынбыз.