3 наурызда Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 22:00-де Катовице қаласынан (Польша) Қазақстанға Украинадан эвакуацияланған үшінші репатриациялық рейс ұшып шықты.
Ұшақ Нұр-Сұлтан қаласына қонады деп күтілуде, деп хабарлайды Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.
Ұшақта 133 жолаушы, оның ішінде 2 бала және Қырғызстанның 2 азаматы бар.

