04 нау, 2022 сағат 19:38

Польшада ер адам Ресей тыңшысы деген күдікпен ұсталды

Фото: ©REUTERS

Польша сыртқы барлау қызметіне қатысты деген күдікпен ресейлік Испания азаматын қамауға алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Польшаның ішкі қауіпсіздік агенттігі (ABW) 28 ақпанға қараған түні Украинамен шекарасына жақын Пшемысль қаласында Ресей әскери барлауының (ГРУ) агенті екені анықталған ер адам ұсталғанын хабарлады.

Ведомство мәліметінше, ер адам Ресей мүддесі үшін операциялар жүргізіп, журналист атын жамылып Еуропа мен басқа елдерді аралаған.

"Ұсталғанға дейін ол қызметін жалғастыру үшін Украинаға баруды жоспарлаған", - делінген хабарламада.

Ер адам үш ай қамауда болады, егер кінәсі дәлелденсе, 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін, деді ведомство.