Алматы облысының полиция департаменті әнші Төреғали Төреәлінің фотосына байланысты тексеріс жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Әнші өлген аңды ұстап отырған фотосын әлеуметтік желіде жариялаған.
"Қазір Алматы облысының полиция департаменті істің мән-жайын анықтап жатыр. Тексеріс нәтижесі бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес ықпал ету шаралары міндетті түрде қабылданатын болады. Сонымен қатар құқықтық баға да беріледі", - делінген полиция ақпаратында.
Айта кетейік, 2020 жылдың 25 желтоқсанында Төреғали Төреәлі Instagram парақшасында табиғат аясында түскен фотосын жариялады. Ол жерде әнші өлген аңды ұстап отыр. Желі қолданушыларды әншіні сынға алған болатын. Ал Төреәлі бүгін желіден бұл фотосын өшіріп тастады.