07 мау, 2021 сағат 13:35

Полиция қызметкерлері күн сайын 70 мас жүргізушіні ұстайды - ІІМ


Полиция қызметкерлері күн сайын 70 мас жүргізушіні ұстайды. Бұл туралы ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің басқарма бастығы Асқар Тәженов мәлім етті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Оның атап өтуінше, елімізде мас күйде куәландырудан өтуден бас тартқан көлік жүргізушілеріне жауапкершілік енгізілген. 2020 жылдан бастап мұндай жүргізушілер 8 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылады

«Бұған қоса, мұндай жүргізушілер 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынады. Осы жылдың 5 айының ішінде еліміздің жолдарында мас күйде көлік жүргізгені үшін 8,5 мыңнан астам жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл полиция қызметкерлері бір күнде шамамен 70 мас жүргізушіні ұстайтындығын білдіреді», - деді Асқар Тәженов ІІМ баспасөз қызметі алаңында өткен брифинг барысында.