09 ақп, 2020 сағат 10:42

Полиция Қордайдағы қақтығысқа қатысы бар арандатушыларды анықтады

Ішкі істер министрінің орынбасары Алексей Калайчиди Қордайдағы оқиға кезіндегі провокаторлардың анықталғанын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Біз провакаторларды анықтадық. Ең жаманы, олар видеоны жағымсыз пікірмен таратқан. Осыдан барып жастар арандатушылардың сөзіне еріп, істің анық-қанығын біліп жатпай, төбелеске араласып кеткен», - деді Алексей Калайчиди ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатынан кейін тілшілерге.

Оның айтуынша, сол түні оқиға орнында болғандардың бәрінен жауап алынады. Сонымен қатар видеофактілердің базасы жасалады. Осыдан кейін сол жерде болған әр адамның оқиға кезіндегі рөлі анықталмақ.

«Содан кейін әрбір адамның нақты сол жерге келуіне не себеп болғанын айтып бере аламыз», - деді ол.