17 қаз, 2020 сағат 07:30

Пневмониядан тағы 4 науқас көз жұмды

2020 жылғы 17 қазанда тіркелген коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмония бойынша ақпарат жарияланды.

Өткен тәулікте коронавирус белгілері бар пневмонияның 158 жағдайы және 4 өлім жағдайы тіркелді. 

Оған қоса 47 адам емделіп шықты.

1 тамыздан бері 35717 науқас дертке шалдығып, 380 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 28165 жетті.