10 қар, 2020 сағат 07:07

Пневмониядан бір адам көз жұмды

Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 11 жағдайы және 1 өлім жағдайы тіркелді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Оған қоса 21 адам емделіп шықты. 

1 тамыздан бері 39115 адам дертке шалдығып, 410 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 29203 жетті.