21 қыр, 2020 сағат 06:13

Пневмониядан 1 адам көз жұмды

Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 62 жағдайы және 1 өлім жағдайы тіркелді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" .

Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 62 жағдайы және 1 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 40 адам емделіп шықты. 

1 тамыздан бері 31148 адам дертке шалдығып, 344 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 26709 жетті.