24 қыр, 2020 сағат 06:22

Пневмония: Өткен тәулікте 228 адам ауруға шалдығып, 1 адам көз жұмды

2020 жылғы 24 қыркүйекте тіркелген коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмония бойынша ақпарат жарияланды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Өткен тәулікте коронавирус белгілері бар пневмонияның 228 жағдайы және 1 өлім жағдайы тіркелді.

1 тамыздан бері 31 760 адам дертке шалдығып, 346 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 26 805 жетті.