16 қаз, 2020 сағат 06:00

Пневмония: Бір күнде 166 адам дертке шалдығып, екі адам қайтыс болды

2020 жылғы 16 қазанда тіркелген коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмония бойынша ақпарат жарияланды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Өткен тәулікте коронавирус белгілері бар пневмонияның 166 жағдайы және 2 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 58 адам емделіп шықты.

1 тамыздан бері 35559 адам дертке шалдығып, 376 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 28118 жетті.