02 сәу, 2021 сағат 15:45

Петропавлда тәртіп сақшылары 300 мың теңге пара алып жатқан кезінде ұсталды

Петропавлда патрульді полиция батальонының екі қызметкері 300 мың теңге пара алды деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Петропавл қалалық полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының екі қызметкері параны алып жатқан кезінде ұсталған. Солтүстік Қазақстан облысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің мәліметінше, тәртіп сақшылары автокөлік жүргізушісінен оны әкімшілік жауапкершілікке тартпағаны үшін 300 мың теңге көлемінде ақша алған. 

Қазір осы іске қатысты сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Түпкілікті шешім тергеу әрекеттерінің нәтижелері бойынша қабылданады.

Мамандардың айтуынша, лауазымды тұлғалардың заңсыз әрекеті туралы азаматтар жүгінген.