14 қаз, 2022 сағат 09:49

Песков Ресей мен Украина арасындағы келіссөз туралы сұраққа жауап берді


Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Украинамен келіссөздер жүргізу мүмкіндігі туралы сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Песковтың жауабын қазақстандық журналист Әділ Балтабаев Telegram-арнасында жариялады.

"Диалог жүргізу үшін екі тарап та қажет. Батыс бізге дұшпандық позиция ұстанғандықтан, мұндай перспективаның болуы екіталай. Соған қарамастан, Түркия да бірқатар басқа елдер сияқты, қандай да бір жолмен делдалдық әрекетін жалғастырып жатыр ", – деді ол.

Украинамен келіссөз үстеліне отыру мүмкіндігі туралы айтқанда, Песков "Украина президенті Владимир Зеленский Владимир Путинмен келіссөздерді жалғастырмау тақырыбын кодификациялағанын" атап өтті.

"Кодификация деген не? Бұл украиндықтардың келіссөз жүргізуіне тыйым салатын тиісті заң қабылдау. Осы арқылы ары қарай қалай әрекет етпек, түсініксіз", - деп қосты ол.