03 ақп, 2023 сағат 13:28

Павлодарда сатушыны байлап, 25 iPhone ұрлаған күдіктілер ұсталды - видео

видео кадрлары

Павлодарда сатушыны қорқытып, 25 iPhone ұрлаған күдіктілер ұсталды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" облыстық Полиция департаментіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, өткен жылдың 22 желтоқсанында сағат 10.30-да Камзин көшесіндегі сауда үйлерінің бірінде орналасқан ұялы байланыс салонында белгісіз ер адам сатушыны пышақпен қорқытып, қол-аяғын байлап, "iPhone" маркалы 25 ұялы телефонды және 305 мың теңгеден астам ақшалай қаражатты иемденген. Залалдың жалпы сомасы шамамен 12 млн. теңгені құраған.

"Полиция аса ірі мөлшерде жасалған қарақшылық фактісі бойынша Қазақстан Республикасы ҚК 2-тармағы 4-бөлігінің 192-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. Іздестіру шаралары нәтижесінде 1991 және 1994 жылы туған Екібастұз қаласының тұрғындары ұсталды", - дейді Павлодар облысы Полиция департаментінің бастығы Василий Скляр.

Күдіктілер Павлодар қаласы Полиция басқармасы уақытша ұстау изоляторына қамауға алынған. Тергеу амалдары жалғасып жатыр.