#
#
Дүйсенбі 08/03/2021

Павлодарда есірткі сатумен айналысқан қылмыстық топ мүшелері ұзақ мерзімге сотталды

  • 21.01.2021
  • 0
  • 140

Павлодар облысына оңтүстіктен есірткі тасыған қылмыстық топқа қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшелері есірткі саудасымен айналысқаны үшін түрлі мерзімге бас бостандығынан айырылған. 
- Бұрын сотталған 64 жастағы павлодарлық 2019 жылдың шілдесінде сегіз адамнан тұратын қылмыстық топ құрған. Оның бесеуі - ұйымдастырушының туыстары. Топ еліміздің оңтүстік өңірлерінен Павлодарға есірткі жеткізуді ұйымдастырған. Жедел уәкілдер оларды кезекті партияны сатуға әрекет жасаған кезде ұстады. Ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелерінен 200 келі марихуана, аса ірі мөлшердегі гашиш және героин, сондай-ақ «Браунинг» маркалы атыс қаруы тәркіленді, - деді Павлодар облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Қуат Түсіпбеков.

Полиция барлық сегіз адамның аса ірі көлемде есірткі сатқаны, ұйымдасқан қылмыстық топты құрғаны және оған қатысқаны, сондай-ақ атыс қаруын сақтағаны үшін сот үкімімен 16-18 жылға бас бостандығынан айырылғанын атап өтті.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР