02 мам, 2025 сағат 10:57

Павлодар облысында мемлекеттік бақылау нәтижесінде әлеуметтік тауарлардың бағасы арзандады

Фото: Pexels.com

Павлодар облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау Департаменті жүргізген мемлекеттік бақылаудың нәтижесінде 2025 жылдың I тоқсанында бірқатар әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы арзандады, деп хабарлайды Ult.kz.

Атап айтқанда:

  • картоптың бағасы — 330 тг/кг-нан 184 тг/кг-ға дейін,
  • сәбіз — 105 тг/кг-дан 69 тг/кг-ға дейін,
  • қарақұмық жармасы — 450 тг/кг-дан 339 тг/кг-ға дейін,
  • тұз — 120 тг/кг-дан 109 тг/кг-ға дейін,
  • макорон — 430 тг/кг-нан 388 тг/кг-ға дейін,
  • тауық еті — 1 400 тг/кг-нан 1 322 тг/кг-ға дейін төмендеді.

Мұндай нәтижеге әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына сауда үстемесін реттеу бойынша заңнама талаптарының сақталуын қатаң бақылаудың арқасында қол жетті.

2025 жылдың I тоқсанында Департамент сауда субъектілеріне 68 тексеру жүргізді, оның 43-і жоспардан тыс тексеру және 25 профилактикалық тексеру. Тексерулер Павлодар (33), Екібастұз (21), Ақсу (12) қалаларында, сондай-ақ Тереңкөл ауданының (4) сауда объектілерін қамтыды. 58 сауда субъектісі сауда заңнамасын бұзғаны анықталды, 10 тексерісте ешқандай заң бұзушылық анықталмады.

Тексеріс кезінде жекелеген жағдайларда шекті сауда үстемесі сақталмағаны анықталды: 

  • 106% - картоп,
    75% — сәбіз ,
    52,5% — қарақұмық,
    27,2% — тауық еті.