17 ақп, 2017 сағат 16:56

Павлодар облысында балаларды құтқару үшін басын қатерге тіккен полицейлердің аты-жөні анықталды

Павлодар облысында балаларды құтқару үшін басын қатерге тіккен полицейлердің аты-жөні анықталды, - деп хабарлайды kaz.tengrinews.kz облыстық ІІД баспасөз қызметінің өкілдеріне сілтеме жасап.

 
Баянбек Жүнісов. Полицияның аға сержанты

Павлодар облысы ІІД Баянбек Жүнісов дене жарақаттарын алғанын растады. Ол ауруханаға барудан бас тартты

 
Мұрат Нұрсейітов. Полицияның аға сержанты.

Қазіргі уақытта жансақтау бөлімінде жатыр. Оның үш баласы бар. 

Полицейлерді денсаулығы дұрысталғаннан кейін наградаға ұсынылады, - деді Павлодар облысының ІІД-нің қызметкерлері.

Еске салайық, оқиға бүгін болған. Баянауыл аудандық ішкі істер бөлімі полициясының қызметкерлері қызметтік Lada Granta көлігімен балалар отырған автобусты алып келе жатқан. Балалар Павлодардағы шаңғы жарысына қатысуға бара жатқан. Кенет Павлодар-Астана автожолында Қалқаман ауылының маңында КамАЗ жүргізіп келе жатқан 50 жастағы жүргізуші қарсы бағыттағы жолға шығып кеткен. Жүк көлігі мен балалар отырған автобус соғыспауы үшін полиция старшинасы Мұрат Нұрсейітов ойланбастан қызметтік көлікті жолға көлденең бұрып үлгерген. Осыдан кейін автобусқа қарай келе жатқан КамАЗ полиция көлігін соққан. Жол апатының салдарынан полицей түрлі жарақатымен Павлодардағы ауруханаға жеткізілген. Автобуста 18 бала және оларды алып келе жатқан төрт тәрбиеші болған. Қазіргі уақытта 39 жастағы полицей жансақтау бөлімінде жатыр. Оның жағдайын дәрігерлер аса ауыр деп бағалап отыр.