21 қаң, 2020 сағат 06:15

Павлодар облысына жаңа әкім келді

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Әбілқайыр Бақтыбайұлы Сқақов Павлодар облысының әкімі қызметіне тағайындалды, – деп хабарлайды Ақорда.

Әбілқайыр Сқақов 1974 жылы Павлодар облысында туған.

Ақмола қаржы-экономикалық техникумын (салық бойынша қаржыгер, 1995 жыл); Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетін (экономист және қаржыгер, 2000 жыл); Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтын (бакалавр-заңгер, 2004 жыл); М. В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін («Master of Business Administration» іскерлік әкімшілік шеберінің дәрежесі,2017 жыл) аяқтаған.

Еңбек өтілі:

- 1995 жылдан 2005 жылға дейін - Павлодар облысы бойынша салық инспекциясының маманы, салық инспекторы, аға салық инспекторы, бөлім бастығы, Павлодар қаласы бойынша Салық комитеті төрағасының орынбасары;

- 2005-2006 жылдары - Павлодар облысы Қашыр ауданы бойынша Салық комитетінің төрағасы;

- 2006-2008 жылдары - Павлодар облысы Денсаулық сақтау департаменті директорының орынбасары (экономика және қаржы бойынша);

- 2008-2010 жылдары - Павлодар облысы бойынша Салық департаментінің Павлодар қаласы бойынша салық басқармасының бастығы;

- 2010-2012 жылдары - Қостанай облысы бойынша Салық департаментінің бастығы:

- 2012-2014 жылдары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті төрағасының орынбасары;

- 2014 жылдан 2016 жылға дейін - Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы;

- 2016 жылғы 1 желтоқсаннан – 2019 жылдың сәуіріне дейін – Қорғаныс министрінің орынбасары (экономика және қаржы бойынша).

- 2019 жылдың сәуірінен соңғы тағайындауға дейін ҚР Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің төрағасы.