Фото: Elsa/Getty Images
Қазақстан құрамасы үшін Париждегі XVII Паралимпиада ойындары керемет нәтижелермен аяқталды. Спортшылар ел қоржынына тоғыз медаль салып, Токиодағы бұрынғы көрсеткіштерін жаңартты.
Ерекше көзге түскен спортшылардың бірі – пауэрлифтингтен 54 келі салмақта өнер көрсеткен Давид Дегтярев. Ол 188 келіні көтеріп, алтын медаль жеңіп алды, осылайша екі дүркін Паралимпиада чемпионы атанып, Қазақстан тарихына енді.
Парадзюдодан да Қазақстан спортшылары үлкен табыстарға жетті. Ақмарал Науатбек 48 келі салмақта чемпиондық атаққа қол жеткізді. Сонымен қатар, Ерғали Шамей күміс, ал Даяна Федосова, Зарина Раифова және Жұрқамырза Шүкірбеков қола медальдерді иеленді.
Нысана көздеуден Еркін Ғаббасов күміс медаль алып, жүзуден Нұрдәулет Жұмағали де күміс жеңіп алды. Жеңіл атлетикадан Дастан Мұқашбеков қол медальді иеленді.
Осылайша, Қазақстанның паралимпиадалық құрамасы жалпы тоғыз медальге қол жеткізіп, бұрынғы рекордтарын жаңартты.