16 қаз, 2019 сағат 12:00

Парижде салмағы 364 келі метеорит аукционға қойылды

Парижде аспаннан Жерге құлаған салмағы 364 келі метеорит аукционға қойылды, деп хабарлайды Lucien аукцион үйінің сайты.

Парижде 21 қазанда өтетін аукционда Жерге түскен аспан денелері сатылады. Оның басты экспонаты – ХІХ ғасырдың аяғында Жерге құлаған салмағы 364 келі тартатын Мон Дье метеориті. Ол – Франциядан табылған метеориттердің ішіндегі үлкендігі жағынан үшіншісі. Сарапшылар аспан денесін 80-120 мың еуро аралығында бағалап отыр.

Аукционға қойылған тағы бір лот – салмағы157 келі метеорит. Оны 1968 жылы Францияның солтүстік-шығысындағы Об департаментінен фермер тауып алған. Оның құны – 30-50 мың еуроа аралығында.

Метеориттерден тыс, NASA түсірген фотосуреттер, Le Parisien және France Soir газеттерінің Apollo 11 миссиясына арналған нөмірлері, Ай бейнеленген конверттер де аукционға қойылған.