22 шіл, 2024 сағат 16:02

Париж олимпиадасына 8,8 миллион билет сатылып, рекорт орнады


Фото:olympic.kz

Париж олимпиадасына 8,8 миллион билет сатылды, бұл рекордтық көрсеткіш, деп хабарлайды "Ұлт Ақпарат".

Бұл туралы Халықаралық олимпиада комитетінің спорт директоры Кит Макконнелл журналистерге хабарлады. Оның айтуынша, бұл Франциядағы спорттық іс-шараға сатылған ең көп билет саны болып отыр. Бұған дейінгі рекорд 1996 жылы Атлантада орнатылған, сол кезде 8,3 миллион билет сатылған еді.

«8,8 миллионнан астам билет сатылды — бұл керемет сан, Франциядағы спорттық іс-шараның ең жоғары көрсеткіші», — деді Кит Макконнелл.


Ойындарда қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін әртүрлі қызметтердің 30 мыңға жуық қызметкері жұмылдырылып, Олимпиада қалашығында 166 делегация тіркелген.

Қазақстан атынан Париж олимпиадасына 80 спортшы қатысады. Жазғы Олимпиада ойындары 2024 жылдың 26 шілдесі мен 11 тамызы аралығында өтеді.