25 мау, 2024 сағат 12:02

Париж Олимпиадасы: Қазақстан үшін қандай ерекшеліктері бар?

Фото: titan24.com

ҚР Туризм және спорт министрлігі алдағы Париж Олимпиадасының еліміз үшін қандай ерекшеліктері барын айтты.

  • 1. Қазақстан 8-ші мәрте жазғы Олимпиадаға қатысып және Еуропа құрлығында үшінші рет (Афина, Лондон, Париж) бақ сынайды.
  • 2. Әзірше Қазақстаннан 70 спортшыда 80 лицензия бар.
  • 3. 45 спортшы бірінші рет жазғы Олимпиадаға қатысады.
  • 4. Ең көп 10 боксшымыз Олимпиада жүлдесіне таласады.
  • 5. Париж Олимпиадасына баратындардың ішінде ең тәжірибелісі — 31 жастағы Владислав Яковлев (академиялық ескек есу). Бұл спортшы 2012 жылғы Лондон Олимпиадасынан бері тұрақты түрде қатысып келеді.
  • 6. Париж Олимпиадасына баратындардың арасынан бұған дейін жүлде алғандар:
    Сәкен Бибосынов — Токио Олимпиадасының қола жүлдегері
    Қамшыбек Қоңқабаев —  Токио Олимпиадасының қола жүлдегері
  • 7. Ең көп жүлде иегері:
    Елдос Сметов — Рио және Токио Олимпиадасының жүлдегері
  • 8. Ең жас спортшы — 17 жастағы Батырхан Төлеуғали (таеквондо)
  • 9. Ең егде спортшы — 37 жастағы Эльмир Әлімжанов (семсерлесу)

Олимпиаданың іріктеу кезеңдері әлі мәресіне жетпеді.