Индонезия астанасы Жакарта қаласында өтіп жатқан ІІІ Пара Азия ойындарында қазақстандық 61 жастағы шахмат шебері Болат Қабыжанов ел қоржынан кезекті күміс медальді салды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің баспасөз хатшысы Раухан Тоғымбаева Фейсбук парақшасында жазды.
«Болат Қабыжанов ІІІ Пара Азия ойындарының күміс медальін ұтып алды. Болат ағаның жасы 61-де. Ол бұдан бұрын шахматтан саңыраулар-мылқаулар арасында өткен Әлем чемпионатында күміс медаль алған болатын. Ол жарыс 2012 жылы Алматыда өткен еді», - деп жазады Раухан Тоғымбаева.
Айта кетерлігі, шахмат биыл Пара Азия ойындарына бірінші рет енгізіліп отыр.