08 қаз, 2021 сағат 14:11

Пара алғаны үшін түрмеге қамалған Аягөздің бұрынғы әкімі мерзімінен бұрын босады


Пара алғаны үшін түрмеге қамалған Шығыс Қазақстан облысы Аягөз қаласының бұрынғы әкімі мерзімінен бұрын босап шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Семей қалалық №2 соты баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Қ.есімді сотталғанның бас бостандығынан айыру жазасын айыппұл төлеуге ауыстыру туралы өтініші бойынша материал қаралды. Аягөз қаласының бұрынғы әкімі өтінішхатында жазаның бір бөлігін өтегенін жазған.

«Түрмеде отырған кезде ол өзін жақсы қырынан көрсетті. Сот үкімі бойынша процессуалдық шығындарды төледі, азаматтық талаптары болмады. Тәрбиелік іс-шараларға да белсенді қатысты. Сотталған азамат қамауда ұстаудың жеңілдетілген жағдайларына ауыстырылған», - делінген ақпаратта.

Осылайша, сот шешімімен экс-әкімнің өтініші қанағаттандырылды.