© Photo : Pixabay / 4711018
Бұған дейін БАҚ беттерінде Қарағанды облысы Сәтбаев қаласының әкімі ұсталғаны туралы ақпарат тараған болатын. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бұл ақпаратты растады, - деп хабарлайды «Ұлт ақпарат» Антикорға сілтеме жасап.
"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Сәтбаев қаласының әкімі Қылмыстық кодекстің 366-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу шеңберінде ұсталғанын растайды", - делінген агенттіктің хабарламасында.
Агенттік өзге ақпарат жария етілмейтінін жеткізді.
Еске сала кетейік, Шапағат Әубәкір өткен жылдың 19 қаңтарында Сәтбаев қаласының әкімі болып тағайындалған еді.