05 ақп, 2021 сағат 09:35

Пандемия кезінде экономикаға бөлінген қаражаттың 310 млрд теңгесі тиімсіз пайдаланылған

Коронавирус пандемиясы кезінде экономиканы қолдауға бөлінген қаражаттың 310 млрд теңгесі тиімсіз пайдаланылған. Бұл туралы Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп комитетінен мәлім етті, деп хабарлайды «Ұлт ақпарат».

«СOVID-19 пандемиясы жағдайында экономиканы қолдауға бағытталған дағдарысқа қарсы қаражаттың тиімді пайдаланылуын бақылау 1 2,2 трлн теңгені қамтыды 344 млрд теңгеге бұзушылықтар анықталды. Оның ішінде қаржылық бұзушылықтар 34 млрд теңгені құрайды. Қаражатты тиімсіз жоспарлау және пайдалану сомасы 310 млрд теңгеге жетеді. 146 млрд теңге өтелді немесе қалпына келтірілді», - деп атап өтеді Есеп комитетінен.