27 жел, 2019 сағат 22:57

Пәкістан Президенті ұшақ апатына байланысты көңіл айтты

Пәкістанның Президенті мен Премьер-министрі және Сыртқы істер министрі кеше Алматы маңында болған ұшақ апатына байланысты көңіл айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Пәкістан сыртқы істер министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Көңіл айту хабарламасында Пәкістан Президенті пен Премьер-министрі Қазақстан халқы мен үкіметіне өздерінің орны толмас қайғыға ортақтасатындығын жеткізген. Апаттан зардап шеккендер мен жараланғандардың тезірек сауығып кетуіне тілектестіктерін білдірген.

Айта кетейік, кеше таңғы мезгілде Алматыдан Нұр-Сұлтан қаласына шыққан ұшақ радардан жоғалып кетті.

Кейін 95 жолаушысы және 5 экипаж мүшесі бар ұшақтың апатқа ұшырағаны мәлім болды.

Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін ұшақ құлаған аумаққа арнайы комиссия барды.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ұшақ апатына кінәлілер заңға сәйкес қатаң жазаланатынын мәлімдеді.