Қытай және өзбек елдерінің коронавирусқа қарсы шығарған ZF-UZ-VAC 2001 вакцинасының тиімділігі 97 пайызды құрап отыр, ал препараттың қауіпсіздігі – 99 пайыз. Бұл туралы Өзбекстан Олий Мәжілісіне вакцинаның клиникалық сынағының нәтижесін ұсыну барысында Өзбекстанның Инновациялық даму министрлігі мәлім етті, деп хабарлайды "ұлт ақпарат".
Өзбекстанның Инновациялық даму министрінің бірінші орынбасары Шахло Турдикулов «Өзбекстан 24» телеарнасына берген түсініктемесінде қытай-өзбек вакцинасының тиімділігі мен қауіпсіздігініңғ ғылыми және практикалық дәлелдері ел парламентіне ұсынылғанын айтты.
«Біз қытайлық әріптестерімізбен бірге әлемде коронавирусқа қарсы ең тиімді әрі қауіпсіз вакциналардың бірін шығардық, ол ZF-UZ-VAC 2001 брендтік атауына ие. Бұл – отандық ғылым саласының үлкен жетістігі елімізді жеке вакцинаны шығарушы елдер қатарына кіргізді. Бұл вакцина өте күрделі клиникалық зерттеулерден өтті. Барлық жұмыстар өте қатаң стандарттар бойынша, халықаралық талаптарға сәйкес жүргізілді. Қазіргі кезде вакцина ДДСҰ қайта тіркеу кезеңінен өтіп жатыр», - деп баяндады спикер.
Бұл ретте аталған вакцинаның жоғары тиімділігі мен кері әсерінің болмауы атап өтіледі.
Еске сала кетсек, Өзбекстан Zhifei Loncom Biofharmaceutical компаниясы жасап шығарған қытайлық вакцинаның қосарлас авторы болып танылды. Нәтижесінде республиканың ішкі нарығында ол ZF-UZ-VAС 2001 атауына ие болған.