23 жел, 2019 сағат 15:33

Өзбекстанда парламент сайлауының нәтижесі жарияланды

Өзбекстан Республикасы парламентінің Заң шығарушы палатасы және халық депутаттары жергілікті кеңестерінің депутаттарын сайлау аяқталды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" елдің Орталық сайлау комиссиясына сілтеме жасап.

Өзбекстан Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Мырза-Ұлықбек Абдусаламовтың мәлімдеуінше, Өзбекстан Республикасы Олий Мажлисі заң шығару палатасына Өзбекстан либерал демократиялық партиясынан 43 депутат сайланып, парламентте басымдыққа ие болды.

Сондай-ақ парламентке «Милий тикланиш» демократиялық партиясынан - 35 депутат, «Адолат» социал-демократиялық партиясынан - 21 депутат, Халық демократиялық партиясынан - 18 депутат, Өзбекстан Экологиялық партиясынан - 11 депутат сайланған.

Сайлау барысын 1150 шетелдік БАҚ өкілі бақылап отырған.

ОСК мәлімдеуінше, 22 сайлау округінде қайта сайлау өткізіледі.