05 ақп, 2021 сағат 11:55

Өзбекстан азаматтарының құжаттарын тартып алған полицей шенінен айырылды

Өзбекстан азаматтарының құжаттарын тартып алған атыраулық полицей түрмеге қамалды. Сот шешімімен ол 5 жыл бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Атырау қ. №2 сотының үкімімен Атырау облысы бойынша Полиция департаменті қылмыстық полиция басқармасының аға жедел уәкілі полиция капитаны Р.Зұлқашев сотталды. Ол өмір бойы белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан және полиция капитаны атағынан айырылды. Жазасын 5 жыл бойы түрмеде өтейді», - деді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Бекайдаров онлайн баспасөз мәслихатында. 

Ол Өзбекстан азаматтарының паспорттарын заңсыз тартып алып, оларды қайтару үшін ақы талап еткен. Осылайша, өкілеттігін асыра пайдаланған.