Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаев "Апрель" телеарнасы арқылы үндеу жасады, деп жазады Sputnik.
"Күш құрылымдарына үндеу жасаймын: өз халқыңа оқ атпа, мұның бәрі сендерге жақсылық әкелмейді", - деді Қырғызстанның экс-басшысы.
Атамбаевтың айтуынша, арнайы жасақ әскери қару да қолданған. Дегенмен Қырғызстанның ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті күш құрылымдары резеңке оқ қолданды деп мәлімдеді.
"Бүгін мені күшпен ұстауға әрекет жасалды, өкінішке қарай, бейкүнә бейбіт адамдар зардап шекті. Тұтқындауға "Альфа" арнайы жасағының антитеррорлық отряды жіберілді. Біз террорист емеспіз. Мен де, менің үйімнің айналасындағы адамдар да террорист емес ", - деді ол.
Атамбаев өз үндеуінде көптеген жазықсыз адамның зардап шеккеніне өкініш білдірді.
Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаев "Апрель" телеарнасы арқылы үндеу жасады.