27 ақп, 2019 сағат 16:03

Ойласып атқарар іс көп

Жақында Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитеті Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы Ұлттық комиссия жанынан құрылған Орфографиялық жұмыс тобы мүшелерінің қатысуымен «Орфографиялық жұмыстарды ұйымдастырудың жаңа міндеттері» атты семинар өтті.

Семинарда Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің төрағасы Қуат Борашев, Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы бас директорының міндетін атқарушы Ербол Тілешов, Ахмет Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының директоры Ерден Қажыбек, Ғалымдар тіл мамандары Жантас Жақып, Әлімхан Жүнісбек, Құралай Күдеринова, Анар Фазылжанова, Бижомарт Капалбек орфографиялық жұмыстарды ұйымдастырудың жаңа міндеттері  туралы ойларын ортаға салды.

Семинарда емле ережелерін жалпы жұртшылыққа меңгертуге арналған оқу-әдістемелік кешендер нұсқаулығы, сондай-ақ жалпы көпшілікке арналған емле ережелерін түсіндіретін қызықты анықтағыштарды әзірлеудің бағыт-бағдарын баяндап, талқылады, пікірлерін мен ұсыныстарын айтты.  

Семинарға Ұлттық комиссия жанынан құрылған Орфографиялық топтың мүшелері мен сарапшы ғалымдар қатысады.