03 қаң, 2021 сағат 11:11

Өткен жылы шетелден келген 27 мың адам тестіден өтті – Алексей Цой

Өткен жылы шетелден келген 27 мың адам тестіден өтті, оның ішінде 130 адамнан коронавирус анықталды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар орталығында өткен елдегі эпидемиологиялық жағдай туралы брифингіде айтылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Өткен жылы елімізде вирусты зертханалық диагностикалау мүмкіндігі айтарлықтай артты. COVID-19-ға ПТР әдісімен тестілеу 2020 жылғы сәуірден басталды да, 19 зертханада тәулігіне жалпы қуаты 6000 тест алынды, ал қазір КВИ диагностикалайтын 132 зертхана тәулігіне жалпы қуаты 100 мың зерттеу жасайды және биологиялық материал алатын 48 пункт бар. Бүгінде 5 млн-нан астам зерттеу жүргізілді, күн сайын зертханалар 40 мыңға дейін тест қабылдайды», - дейді ҚР денсаулық сақтау министрі Алексей Цой. 

Сондай-ақ, ол зертханалардың резервтік қуаты 60 мың зерттеуге жеткенін, бұл сайлау кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қажет болатынын айтты. 

«Пандемия басталғаннан мемлекеттік шекарада карантиндік шараларды күшейттік. Инфекцияның сырттан тасымалдануына жол бермеу үшін келген адамдар зертханалық тексеруден өтіп, карантинде отырды. Өткен жылы шетелден келген 27 мың адам тесттен өтті, оның ішінде 130 адамда коронавирус анықталды. Авто өткелдер арқылы 2 млн-нан астан адам келді, оның 1267-де коронавирус инфекциясы анықталды, науқастарды уақтылы оқшауладық және инфекцияның таралуын тоқтатуға мүмкіндік болды», - дейді ол.