Қазақстанда 2018 жылы дүниеге келген нәрестелердің 51,6% - ұлдар, 48,4% - қыздар, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің мәліметінше, 2018 жылы Қазақстанда 397 799 адам дүниеге келген, оның ішінде қалада туғандары - 235 014, ауылда туғандары - 162 785. 205224 ұл туды (жалпы дүниеге келгендер санының 51,6%) және 192 575 қыз (48,4%) дүние есігін ашты.
Балалар саны 11,6% -ға артты (ұлдар - 12%, қыздар - 11,1%), оның ішінде қалаларда - 19,4%, ауылдық жерлерде - 1,9%. Өткен жылы бала туудың жалпы коэффициенті 1000 адамға шаққанда 21,77 құраған, қалалық жерлерде - 22,16, ауылдық жерлерде - 21,22 құрады.
Өңірлер арасында ең жоғары туу деңгейі Маңғыстау облысында (1000 адамға шаққанда 29,72 бала), Нұр-Сұлтан (27,67) және Шымкентте (27,53) байқалды. Ең төменгі туу деңгейі Солтүстік Қазақстан (12,93), Қостанай (13,30) және Павлодар (15,72) облыстарында тіркелді.
Туудың жиынтық коэффициенті (ТЖК) - ұрпақты болу кезеңінде (15 жастан 49 жасқа дейін) орта есеппен бір әйел туған балалардың саны - 2018 жылы республикада 2,84 болды және 10 жыл ішінде 6% -ға артты, облыстарда - 2,68 және 1,9%, ауылдық жерлерде - 3,09 және 10,8%.
Ел өңірлері арасында ТЖК ең жоғары деңгейі Түркістан (4,07), Маңғыстау (3,91) облыстарында, ал ең төменгі деңгей - Алматы қаласында (1,76) және Қостанай облысында (1,77) тіркелді. Өткен жылы туған сәтте нәрестенің анасының орташа жасы - 28,7, қалада - 29, ал ауылдық жерлерде 28,3 жасты құрады.
Қазақстанның көптеген аймақтарында туған кезде ананың орташа жасы республикалық деңгейден асып түсті. Алматы қаласында бұл көрсеткіш - 29,8, Нұр-Сұлтан қаласында - 29,6 болды.