01 қаз, 2020 сағат 09:30

Өткен тәулікте пневмониядан 2 адам көз жұмды

Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 179 жағдайы және 2 өлім жағдайы тіркелді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Оған қоса 73 адам емделіп шықты.

1 тамыздан бері 32 979 адам дертке шалдығып, 355 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 27 242 жетті.