Өткен тәулікте коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмония жұқтырудың 234 жағдайы тіркелді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Сондай-ақ екі адамның қайтыс болғаны анықталды. Оған қоса 95 адам емделіп шықты.
Биылғы жылдың тамыз айынан бері коронавирус белгісі бар пневмониямен барлығы 33 212 адам ауырып, 357 өлім жағдайы тіркелді. Жазылып шыққандардың саны 27 337-ге жетті.