08 қаз, 2020 сағат 07:01

Өткен тәулікте Қазақстанда пневмониядан 1 адам қайтыс болды

Өткен тәулікте Қазақстанда коронавирус пневмониясын 266 адам жұқтырғаны анықталды. 1 адам аталмыш дерттен қайтыс болды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Сондай-ақ өткен тәулікте коронавирус пневмониясынан 9 адам сауығып кетті.

2020 жылдың 1 тамызынан бастап пневмониямен ауырғандар саны 34 143 адамды құрады. 362 адам қайтыс болып, 27 572 науқас жазылып шықты.