Қазақстанда өткен тәулікте 857 адамнан ПТР арқылы коронавирус анықталды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы - 132, Алматы қаласы - 134, Шымкент қаласы - 27, Ақмола облысы - 57, Ақтөбе облысы - 28, Алматы облысы - 47, Атырау облысы - 40, Шығыс Қазақстан облысы - 39, Жамбыл облысы - 17, Батыс Қазақстан облысы - 72, Қарағанды облысы - 61, Қостанай облысы - 59, Қызылорда облысы - 13, Маңғыстау облысы - 11, Павлодар облысы - 78, Солтүстік Қазақстан облысы - 37, Түркістан облысы - 5.
Жалпы ел бойынша дертке шалдыққандар саны - 216467.
Сондай-ақ, 5 наурыздағы мәлімет бойынша, Қазақстанда 18 882 адам короновирус инфекциясынан (13 236 КВИ+ және 5 646 КВИ-) емделіп жатыр.
Олардың арасында 4 506 пациент - стационарда, 14 376 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 226 адамның жағдайы ауыр;
• 53 пациенттің жағдайы өте ауыр;
• 50 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.
Айта кетейік, Қазақстанда 5 наурыздағы жағдай бойынша, Нұр-Сұлтан мен Алматы қалалары және Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар облыстары «сары аймақта» тұр.
Қалған өңірлер - «жасыл аймақта».