Қазақстанда тағы 699 адамға коронавирус жұққаны тестпен расталды. 13 адамға коронавирус пневмониясы диагнозы қойылды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігінің 22 ақпан күнгі хабарламасында жазылған. Өткен тәулікте 7 адам өлімі тіркелген: 5 адам – коронавирустан, 2 адам коронавирус пневмониясынан қайтыс болған.
2020 жылдың наурыз айынан бері 208 117 адамның коронавирус тесті оң шыққан. Содан бері 2 699 адам қайтыс болған. 191 739 адам айыққан. Өткен тәулікте Алматы қаласында ғана жүзден астам науқас тіркелген. Елде бірде-бір аймақ "қызыл аймақта" тұрған жоқ. Жалпы аймақтағы ахуал төмендегідей:
- Нұр-Сұлтан қаласында – 24 476 (+ 72 науқас өткен тәулікте тіркелген)
- Алматы қаласында – 24359 (+101)
- Шығыс Қазақстан облысында – 21610 (+52)
- Атырау облысында – 16939 (+24)
- Павлодар облысында – 17035 (+96)
- Қарағанды облысында – 15098 (+40)
- Ақмола облысында – 13177 (+73)
- Батыс Қазақстан облысында – 12577 (+39)
- Солтүстік Қазақстан облысында – 12098 (+38)
- Қостанай облысында – 11918 (+67)
- Алматы облысында – 10476 (+37)
- Шымкент қаласында – 6072 (+13)
- Жамбыл облысында – 5855 (+16)
- Түркістан облысында – 4247 (+3)
- Маңғыстау облысында – 4202 (+3)
- Ақтөбе облысында – 4191 (+13)
- Қызылорда облысында – 3787 (+12).
2020 жылдың 1 тамызынан бері 48 983 адамнан коронавирус пневмониясы анықталған, содан бері 612 науқас қайтыс болған. 40 765 адам жазылған.
Жергілікті сарапшылар Қазақстанда коронавирус статистикасы азайтылып көрсетіледі деп санайды. Былтыр маусым, шілде айларында ПТР тесті теріс нәтиже көрсеткен, бірақ ауру белгілері коронавирусқа ұқсайтын пневмонияға шалдыққандар күрт көбейген.
«22 ақпандағы мәлімет бойынша, 21 285 адам короновирус инфекциясынан (13 679 – КВИ+ және 7 606 – КВИ-) емделуде. Олардың ішінде 4 838 пациент стационарда, 16 447 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда», - деді ҚР Денсаулық сақтау министрлігінен.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
- 242 адамның жағдайы ауыр;
- 53 пациенттің жағдайы өте ауыр;
- 43 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.